Техас ағылшын тілін қарқынды үйрену бағдарламасы (TIEP) екі орында студенттерге ұсынылады. Бомонт қаласындағы бағдарлама Хьюстон және Галвестон қалаларына жақын орналасқан Ламар Университетінің кампусында жұмыс істейді. Остин қаласының орталығында орналасқан бағдарлама Остин қаласындағы Техас Университетінде жұмыс істейді және бұл Техас штатындағы ең ескі тіл үйрену бағдарламаларының бірі болып табылады.

1965 жылы құрылған Техас ағылшын тілін қарқынды үйрену бағдарламасы (TIEP) тамаша ағылшын тілін үйрету курстарымен және орынды бағасымен жақсы танымал. TIEP 131 мемлекеттің 30000-нан астам студентінің және кәсіби мамандарының мақсаттарына қол жеткізуге көмектесті.

Бағдарлама Америка Құрама Штаттарындағы колледждерге немесе университеттерге түсуге дайындалатын жеке адамдар үшін, сондай-ақ, ағылшын тілін кәсіби жетістігі немесе жеке білім қорын байыту мақсатында үйренетін адамдар үшін жасалған. TIEP бағдарламасы оқу орындарына дайындау, жалпы сөйлесу және мәдениет тану үшін жыл бойына оқыту курстарын ұсынады. Арнайы бағдарламалау үкіметтер, корпорациялар және басқа ұйымдар арқылы қаржылық көмек көрсетілетін жеке адамдар немесе топтар үшін де қол жетімді. Осы теңшелген бағдарламалар жоғарғы деңгейдегі басшыларға арналған ағылшын тілі, ағылшын тілін басқа тілді студенттерге үйрету (TESOL) және ағылшын тілі мен Америка мәдениеті бағдарламаларын қамтиды.

Жоғарғы беделді және кәсіби мамандармен жасақталған институт 

51 жылдық сәтті тәжірибе; студенттер разылығының өте жоғары деңгейі

Техас халықаралық білім беру консорциумының (TIEC) бағдарламасы, Техас мемлекеттік университетін біріктіретін коммерциялық емес ассоциация

Ағылшын тілі бағдарламасын аккредитациялау комиссиясы (CEA), АҚШ білім жөніндегі министрі арқылы танылған Америка Құрама Штаттарында орташа білімді аяқтағаннан кейін ағылшын тілін үйрену бағдарламаларын ұлттық аккредитациялау агенттігі тағайындаған

EnglishUSA ассоциациясының мүшесі

AIRC – Aмерикалық Халықаралық кадрларды іздеу кеңесі

SEVIS жүйесі бойынша I-20 куәліктерін беру құқығы федералды заңмен берілген

Жоғарғы сапалы білім беру 

TIEP мұғалімдері студенттердің қажеттіліктерін түсінетін жоғарғы кәсіби мамандар. Оларда магистр немесе философия докторы атағы бар, ағылшын тілін ана тілінде сияқты сөйлейді, шетелде жұмыс істеген және кем дегенде екі жыл (көбінде 10 жыл немесе одан да көп) оқыту тәжірибесі бар.

Кішкентай көп ұлттық сыныптар әрбір семестрде шамамен 20 мемлекеттен жиналады, сыныпта 8-16 студент болады

Аптасына 20 сыныптық сағат

Қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін жасалған 

Еліктіретін баға 

Жыл бойына ұсынылатын әртүрлі ұзақтықтағы ыңғайлы сессиялар (3 күзгі, 4 көктемгі және 3 жазғы сессия); қазіргі кестені қарау үшін TIEP басты бетіне өтіңіз

Бастапқы деңгейден жетілдірілген деңгейге дейінгі сабақтар 7 деңгей мен 3 оқу бағдарламасынан (арнайы курстың қол жетімділігі семестрге байланысты өзгеше болуы мүмкін) тұрады.

Ағылшын тілінің негіздері (бастапқы деңгейден төменгі аралық деңгейге дейін)

Ағылшын тілі – академиялық мақсаттар үшін

Ағылшын тілі – сөлесу үшін және мәдениетті тану үшін

Жылдам университеттік білім – халықаралық студенттердің АҚШ жоғарғы білімінің талаптарына сәйкестендірілуіне көмектесетін жылдамдатылған академиялық дайындық бағдарламасы

Шетелде (Техас штатында) білім алу – жоғарғы курс студенттеріне TIEP бағдарламасы арқылы қарқынды ағылшын тілін үйрену бағдарламасын және жеті университеттің бірінде деңгей берілмейтін стундент ретінде білім алуды ұсынады

Таңдаулы сыныптар TOEFL® және TOEIC® сынақтарына дайындықты, сөйлеу және сөздердің дыбысталу дағдыларын қамтиды (курсты қайта өтетін студенттер үшін жеңілдіктер беріледі)

Шартты қабылдау қызметі Техас штатындағы 18 университет пен колледж үшін қол жетімді

TOEFL® сынағынан босатылу Техас штатындағы 21 университет пен колледжде қол жетімді

Институттық TOEFL® сынақтары наурыз, мамыр, тамыз, қазан және желтоқсан айларында өткізіледі

TOEIC® сынақ орталығын ашу; TOEIC® жыл бойына 12 рет ұсынылады.

Жеке оқыту материалдары жеке адамдар мен кіші топтарға арналған

Жеке оқыту бағдарламалары арнайы қажеттіліктері және мақсаттары бар топтарға арналған, мысалы, ағылшын тілін басқа тілді студенттерге үйрету (TESOL) бағдарламалары, ағылшын тілі және Америка мәдениеті бағдарламалары және басшыларға арналған ағылшын тілі семинарлары

Аяқтау, қатысу және ғылыми деңгей бойынша куәліктер 

Тамаша ресурстар, студенттерге арналған түрлі қызметтер мен іс-шаралар 

Компьютерлік сынып бөлмесі Интернетке қатынаспен және әртүрлі тілге қолдау көрсететін құралдармен жабдықталған

Жоғарғы жылдамдықтағы сымсыз Интернетке кіру

Университет кітапханаларына, лингвистикалық лабораторияларға және спортпен шұғылдануға арналған залдарға қол жетімділік

Дағдылану бағдарламасы; иммиграция жөнінде кеңес беру және виза бойынша көмек беру

Орналастыру опциялары жатақханаларға және пәтерлерге орналастыруды қамтиды; орналастыру жөнінде көмек көрсетіледі

Оқу, орналасу және тағам бойынша төлемдерді қамтитын буманы жаз айларында алуға болады

Сөйлесу клубы — ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдармен сөйлесу

Әуежайдан күтіп алу қызметі қол жетімді

Әлеуметтік және мәдени іс-шаралар (родео, халықаралық тағамдардың дәмін тату, дүкен аралау, студенттер арасындағы дарындардың көрсетілімін тамашалау, Хэллоуин мерекесін тойлау, 4 маусым тәуелсіздік күніне арналған от шашуларды қарау және т.б.)

Орналасқан орны 

Остин, Техастың астанасы, Колорадо өзені бойындағы Техас штатының орталық бөлігінде орналасқан. Остин қаласының тамаша университеттері және студенттерді жылы қабылдайтын атмосферасы, көптеген ойын-сауық және мәдениеттік іс-шаралар, жыл бойы жылы ауа-райы, әдемі қоршаған орта және жаһандық жоғарғы технологиялық индустриялар Остин қаласын Америка Құрама Штаттарындағы өмір сүруге және оқуға арналған тамаша орындардың бірі ететін сипаттамалардың тек аз бөлігі болып табылады.

TIEP — Техас халықаралық білім беру консорциумының (TIEC) бағдарламасы, бұл консорциум Техас штатындағы мемлекеттік университеттің ассоциациясы болып табылады. Бұл университеттер 1600-ден астам бакалавр дәрежесін, 1168 магистр дәрежесі бағдарламаларын және 400-ге жуық доктор дәрежесін алатын бағдарламаларды ұсынады. Университеттердің кейбірі штаттағы және мемлекеттегі жетекші зерттеу институттары ретінде танылған. TIEC және оның қызметтері туралы қосымша ақпаратты www.tiec.org веб-торабынан қараңыз.